«Нұр – Сұлтан болашақтың қаласы»

Іс шараның мақсаты: Елдік мерекеге өзіндік үн қосу.
Бас қала – Нұр – Сұлтан тарихы туралы үйрету, сүйіспеншілік және мақтаныш сезімдерін тудыру. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Мерекелік кеште Нұр – Сұлтан қаласының тарихы туралы ақпарат берілді, «Ойлы болсаң – озып көр» , «История Нурсултан» тақырыбында викториналық ойыны ойнатылып үздік қатысқан оқырмандарға сыйлықтар таратылды.
Шара қонақтары «Нұр – Сұлтан туған күніңмен » ізгі - тілектер газетіне өз қол таңбаларын қалдырды.
«Ел астанасы – Нұр -Сұлтан» кітап көрмесіне әдебиеттік шолу жасалды.
 
05.07.2022
Қаралым саны: 373