Бұл іс-шара ішкі істер қызметкерлерімен бірге өткізіліп, еліміздің мемлекеттік рәміздерінің маңыздылығы мен тарихына арналды.
Шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұранының мәні мен маңызы туралы толық ақпарат алды.
Сондай-ақ, қатысушыларға тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттік рәміздердің дамуы мен қалыптасуы туралы баяндамалар ұсынылды.
Іс — шара аясында "Мемлекеттік рәміздер-халық мақтанышы" көрмесі ұйымдастырылып, онда мемлекеттік атрибуттарға арналған кітаптар мен материалдар ұсынылды. Қатысушылар осы тақырып бойынша әдебиеттермен таныса алды.
Ақпараттық сағат еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып, қатысушылардың патриоттық рухын көтерді.
10.06.2025
Қаралым саны: 129
Қаралым саны: 129


