«Тарихтағы қасіретті жылдар» Еске алу кеші

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қызылжар аудандық орталық кітапханасы Мәдениет Үйінің қызметкерлерімен «Тарихтағы қасіретті жылдар» еске алу кешін Бәйтерек ауылы мектебінің кітапханасында өткізді.

Шараға ауыл тұрғындары мен мектеп ұстаздары қатысты. Жүргізуші тарихқа жүгініп, қатысушыларға саяси қуғын – сүргін, ашаршылық туралы мағлұмат берді. Қатысушылар өздерінің пікірлерін айтып, іс-шара ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.

Орталық кітапханасының «Шаңырақ» драма үйірмесі «Тұрмеден келген хат» сахналық көрінісін қойып, Аудандық Мәдениет Үйінің көркемөнерпаздары әндерін ұсынды. Кітапханашы «Зұлмат жылдар елесі» кітап көрмесімен таныстырып, әдебеиттерге шолу жасады.

10.06.2025
Қаралым саны: 92