Орталық балалар кітапханасы "Мерей" өнер — мектебімен бірлесіп қазақстандық патриотизмді, ұлттық келісімді қалыптастыру, өз еліне, өз халқына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін тәрбиелеу мақсатында "Мен, сен, ол, біз — бірге тату отбасымыз!" музыкалық — поэтикалық блюзді өткізді.
Жүргізуші кітапханашылар Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, Қазақстанның көпұлттылығы, халықтар арасындағы достық туралы әңгімелесті. Ұлы қазақ ақындарының поэтикалық шығармаларынан үзінділер оқылды. Іс-шараға қатысушылармен «Түрлі халықтардың жұмбақтары" байқауларын ойнады, "Менің Қазақстаным" блицтурнирін өткізді. Өнер — мектебінің балалары (Құрмаш Елхан, Сәбит Диар, Асқап Сұлтан, Серік Айсәуле, Первушин Елисей, Юрченко Иван) өздерінің мерекелік бағдарламаларын сыйға тартты — әндер, билер орындады. Соның арқасында, іс-шара түрлі — түсті және қызықты болды.
Музыкалық-поэтикалық блюздің соңында "Мәдениет, тарих және дәстүр" көрмесіне шолу жасалды – онда ұсынылған кітаптар Қазақстанда тұратын халықтар, олардың мәдениеті мен дәстүрлері туралы баяндайды.
Қаралым саны: 178





