Конституция күні

#Конституциякүні30жыл

#Елдіңбастыкітабы

#Қызылжарорталықбалаларкітапханасы

ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде Қызылжар орталық балалар кітапханасы патриоттық рухты тәрбиелеу, Конституцияның маңызды рөлі туралы толық ақпарат беру, біздің елімізге деген сүйіспеншілікті ояту және нығайту мақсатында «Елдің басты кітабы» мерекесінің тарихына экскурсия өткізді.

Іс-шара ҚР әнұранынан және «Мерей» өнер мектебінің балалар музыкалық нөмірін орындаудан басталды. Мереке тарихындағы экскурсия барысында қатысушылар конституциялық заңнаманың тарихи даму кезеңдерімен таныстырылды. «Менің құқықтарым», «ҚР рәміздері» викториналары өткізілді. Іс-шараны «Конституция — адам және азаматтар бостандығының кепілі» кітап көрмесі толықтырды, онда кітаптар, альбомдар мен мерзімді басылымдар ұсынылды.

13.02.2026
Қаралым саны: 28