«Кітап әлемі және кітаптағы әлем» ақпарат күні

Аудандық орталық кітапхана мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталығында және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві» КММ «Кітап және кітаптардағы әлем» атты ақпарат күнін өткізді. Іс-шара жаңа түскен әдебиеттерге шолу жасауға арналды. Шараның мақсаты – оқырмандарды кітапхана қорына жаңадан келіп түскен түрлі жанрдағы кітаптармен таныстыру және оқырмандар арасында кітап оқуды насихаттау болды.

Қонақтар үшін «Жаңа кітаптар — жаңа жаңалықтар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттер тақырыптық бөлімдер бойынша ұсынылды: классикалық және философиялық проза, тарихи әдебиет, психология және өзін-өзі дамыту, заманауи детектив пен триллер жанрлары. Зал кітап пен кітап оқу туралы нақыл сөздермен безендіріліп, жаңа кітаптардың таныстырылымы көрсетіліп, баяу әуен қойылды. Іс-шара барысында жүргізушілер қатысушыларды белгілі авторлардың жаңа басылымдарымен таныстырды. Оқырмандардың ерекше қызығушылығын «Плаха», «Қилы заман», «Бір кем дүние», «Будет кровь» шығармалары, сондай-ақ психология саласындағы «Махаббат психологиясы» және «Эмоциялар эволюциясы» кітаптары ұсынылды..

Қатысушылар кітаптардың қысқаша мазмұнымен танысып, авторлары, жанрлары, баспалары мен жарық көрген жылдары туралы мәлімет алды. Шолу барысында кітапханашылар кітап оқудың адам өміріндегі маңызы туралы айтып, заманауи және классикалық әдебиеттермен танысудың қажеттілігін атап өтті.

Кітаптарға деген қызығушылықты арттыру мақсатында «Кітап жанрын тап» атты викторина ұйымдастырылып, оқырмандар сұрақтарға белсенді жауап беріп, өздерінің білімдері мен кітапқа деген қызығушылықтарын көрсетті.

Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті. Келушілер ұсынылған әдебиеттерге үлкен қызығушылық танытып, көптеген кітаптарды үйде оқуға алды..

«Кітап әлемі және кітаптардағы әлем» ақпарат күні кітап пен оқуды насихаттауға, оқырмандардың әдеби таным көкжиегін кеңейтуге және кітапханаға түскен жаңа әдебиеттерге назар аудартуға өз үлесін қосты.

02.06.2026
Қаралым саны: 30