Хабарландыру

Пеньково ауылдық кітапханасы Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған «Олжас Сүлейменов — мыңжылдық адамы» атты медиапортрет өткізді.

Іс-шараның мақсаты — оқырмандарды көрнекті ақын, жазушы, ойшыл және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығымен, қоғамдық қызметімен таныстыру, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштікке, Қазақстан тарихы мен мәдениетіне құрмет сезімін қалыптастыру.

Іс-шара соңында қатысушыларға «Олжастың сөзі мен мәңгілігі» атты кітап-көрме бойынша шолу жасалып, онда Олжас Сүлейменовтің кітаптары мен өмірі және шығармашылығы туралы материалдар таныстырылды.

02.06.2026
Қаралым саны: 24