Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Пеньково ауылдық кітапханасында балаларға арналған патриоттық іс-шара — «Ұрпақ білсін» атты тарихи — өлкетану сағаты өткізілді.
Балалар кітапханашы дайындаған танымдық бағдарламаға қызығушылықпен қатысты. Іс-шара соғыстың басталуы, жауынгерлер мен халықтың ерлігі, бейбіт тұрғындардың басынан кешкен қиыншылықтары жайлы әңгімеден басталды. Қазақстандықтардың Жеңіске қосқан үлесіне ерекше назар аударылды: балалар жерлестеріміз — Ұлы Отан соғысы шежіресіне алтын әріптермен жазылған даңқты батырлар туралы білді.
Көрнекілік ретінде «Ардагерлерге алғыс! Жауынгерлерге тағзым!» атты шағын кітап-иллюстрациялық көрме ұйымдастырылды. Онда сол бір сұрапыл, бірақ ерлікке толы жылдар туралы баяндайтын кітаптар, фотосуреттер мен құжаттар ұсынылды. Іс-шараға қатысушылар көрмені зор қызығушылықпен қарап, сұрақтар қойып, ата — әжелерінен естіген соғыс жайлы әңгімелермен бөлісті.
Іс-шараның мақсаты — өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, Отан тарихына деген құрметті тәрбиелеу, халқымыздың ерлікке толы өткенін есте сақтап, оны келешек ұрпаққа жеткізу.
Қаралым саны: 144




