Бүгінде әрбір кітапхананың жұмысын бағалай отырып, оның қызметін әріптестер тәжірибесімен салыстыруға, ауыл кітапханаларының үздік тәжірибелеріне жақындауға ұмтыламыз. Қызылжар ауданының «Орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ-де кітапхана мамандарына арналған көшпелі семинарларды жыл сайын өткізу игі дәстүрге айналған. Биыл 19 маусым күні «Кітап – уақыт айнасы» тақырыбында көшпелі семинар ұйымдастырылды.
Дәл осы тақырып Чапаево ауылдық кітапханасының базасында ұйымдастырылған Қызылжар ауданы мемлекеттік кітапханалары қызметкерлерінің жазғы лагерь-семинарына арқау болды. Іс-шара бағдарламасы мазмұнды, қызықты әрі сан қырлы болды. Қонақтарды кітапхана орналасқан ауылдық клуб ғимаратының алдында кітапханашы Светлана Аманжолқызы Турманова жылы қарсы алды. Ол «Назар аударыңыз! Жаңа кітаптар!» атты библиофуршет өткізіп, қатысушыларды кітап көрмелерімен таныстырып, өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Ауыл мәдениет қызметкерлері «Өз ісінің шеберлері» атты сәндік-қолданбалы өнер көрмесін ұсынды.
Семинар қатысушыларына ОКЖ директоры Эльмира Қабиева құттықтау сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға жылы қарсы алып, қабылдағандары үшін алғысын білдірді. Одан кейін қатысушылар ауылдың негізгі мектебінде орналасқан музейді аралады. Тарих пәнінің мұғалімі А. Нұртазина «Тарих пен дәстүрдің сақтаушысы» атты қызықты экскурсия өткізді. Ол туған ауылдың тарихы, салт-дәстүрлері мен елге еңбегі сіңген азаматтары туралы ерекше ықыласпен әңгімеледі.Семинар жұмысы кітапханада жалғасын тауып, орталық аудандық кітапхананың әдіскері Жұлдыз Шәрімова қатысушыларды іс-шараның мақсат-міндеттерімен таныстырды. Чапаево ауылдық кітапханасының кітапханашысы Светлана Турманова «Білім мен шығармашылық кеңістігі» атты кітапханалық лабиринт өткізіп, «Кітап – уақыт айнасы» атты бейнепрезентация ұсынды. «Шебер қолдар» клубы аясында кітапханашы «Шеберлік сәті» атты шеберлік сабағын өткізіп, қатысушылар атлас таспалардан раушан гүлдерін жасаудың қыр-сырын меңгерді.Семинардың жарқын әрі әсерлі сәттерінің бірі кітапханашылардың қатысуымен дайындалған «Өзіміз үшін ББК» атты сахналық қойылым болды. Сондай-ақ «Жақсы көңіл күй әуендері» атты музыкалық-ойын-сауық бағдарламасы қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 16 мамырдағы Жарлығын іске асыру аясында оқу мәдениетін дамыту және оқырман ұлт қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы тақырып бойынша орталық аудандық кітапханасының әдіскері Жұлдыз Шәрімова мазмұнды баяндама жасады.
Семинардың екінші бөлімінде есептік құжаттаманы жүргізу мәселелеріне арналған «Фолиант» клубының отырысы өтті. Сонымен қатар, қызметке жаңадан кіріскен мамандарға арналған «Жас кітапханашы мектебінің» «Жаңадан жұмысқа қабылданған қызметкерлерге арналған жеке кітапханалық практикум» тақырыбындағы сабағы ұйымдастырылды.
Іс-шараны қорытындылай келе, ОКЖ директоры Эльмира Қабиева барлық қатысушылар атынан ұйымдастырушыларға семинарды жоғары деңгейде өткізгені, шығармашылық көзқарасы және кәсіби қарым-қатынасқа, креативті ойлауды дамытуға әрі кітапхана мамандарының инновациялық әлеуетін арттыруға қолайлы жағдай жасағаны үшін алғыс білдірді.
Қоштасар сәтте семинар қатысушылары кітапханалар мен кітапханашылар қызметінің қазіргі мәдени ортадағы өзектілігі мен маңыздылығын, сондай-ақ тәжірибе алмасу мен кәсіби дамуға ықпал ететін осындай кездесулердің қажеттілігін ерекше атап өтті.
Қаралым саны: 48















