Ақпарат

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында аудандық кітапхана ұжымының бірқатар кітапханашылары мәдениет саласының дамуына қосқан елеулі үлесі, оқырмандарға сапалы қызмет көрсетудегі еңбегі және рухани құндылықтарды насихаттаудағы белсенді жұмыстары үшін Алғыс хаттармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Марапат иелеріне шығармашылық табыс, зор денсаулық, сарқылмас шабыт пен еңбектеріне толағай жетістіктер тілейміз. Кітап пен білімнің шамшырағын жағып жүрген кітапхана мамандарының еңбегі әрдайым елене берсін!

 

02.06.2026
Қаралым саны: 28