«Отбасы – өмір тірегі» дөңгелек үстелі

Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда «Отбасы күні» атап өтіледі. Осыған орай Қызылжар аудандық орталық кітапханасы мен бірге мәдениет үйінің қызметкерлері «Отбасы – өмір тірегі» атты дөңгелек үстелін ұйымдастырды . Шараның негізгі мақсаты мәдени құндылықтарды, дәстүрлерді, руханилықты сақтау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, демографиялық проблемаларды, сондай-ақ отбасы институты арқылы әлеуметтік сипаттағы проблемаларды еңсеру бойынша ұлттық мемлекеттік міндетті іске асыру болып табылады.

Іс шараға аға буын өкілдері, ардагерлер, Бескөл - Нұры хорының мүшелері, Қызылжар аудандық « Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері , №2 Бескөл орта мектебінің 10 сынып оқушылары қатысты.

Жиналғандар отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ер жететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі туралы әңгімелесті. Апа - әжелер жастарға отбасы құндылықтары туралы өмірлік тәжірибелерін ой пікірлерін айтып берді . Оқушылар аға буын өкілдеріне бірнеше сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.

Махаббат пен адалдыққа толы бұл жарқын отбасылық мерекеде әрбір қазақстандық отбасына денсаулық, амандық, молшылық пен бейбітшілік тілейміз деп бір біріне алғыстарын білдірді.

 

 

 

13.02.2026
Қаралым саны: 12