Кәсіптік бағдар беру бойынша Қызылжар орталық балалар кітапханасы №2 Бескөл орта мектебінің 9-10 сынып оқушылары үшін «Барлық мамандықтар маңызды, барлық мамандықтар қажет» мамандықтарының калейдоскопын өткізді

Мақсаты: балалардың әртүрлі мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту, мамандықтар туралы ақпарат іздеуге шақыру.

Іс-шара барысында балалар кәсіби еңбек әлемі туралы білімдерін толықтырды, логист, веб-шебер, маркетолог және басқалар сияқты жаңа және сәнді мамандықтармен танысты. Оқушылар «Мамандықты тап», «Мақал жина», «Мамандық әріппен» қызықты конкурстар мен викториналарға белсенді қатысты. Олар өз отбасыларының мамандықтары, отбасылық әулеттер, болашақта кім болғысы келетіні туралы айтты. Оқушылар «Тәжірибемен бөлісеміз, кеңес береміз» кітап көрмесінің материалдарымен танысты. Кездесуді еске алу үшін балаларға «Мамандық таңдауға арналған шпаргалка» памяткасы табыс етілді. Мамандықтар калейдоскопының қорытындысында оқушылар әлемде әр түрлі мамандықтар бар, олардың әрқайсысы қажет және маңызды, бірақ сізге ұнайтын мамандықты таңдау керек деген қорытындыға келді.

«Аспанға жұлдыз түскенде, адамдар тілек айтады және оның орындалатынына сенеді» деген астарлы әңгіме бар. Балалар болашақ мамандықтарын жазған жұлдыздарды алды, біз оларды 11-сыныпқа дейін сақтауды ұсындық. Барлығына оның тілегі орындалатынын білу қызықты болады.

02.06.2026
Қаралым саны: 23