Қызылжар аудандық орталық кітапханасының конференц залында ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халықына жолдаған жолдауына байланысты «Жолдау – ел ертеңінің бағдары» дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: жолдау туралы түсінік беру, негізгі бөлімдерімен таныстыра отырып, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Іс - шарада жолдаудағы атап өтілген ең маңызды мәселелер туралы айтылды.
Жолдаудың негізгі бөлімдері мен өзекті мәселелері бойынша Қызылжар ауданы қазақ тілі қоғамының төрайымы Зағифа Ахметова, Аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Людмила Антонишина, аудандық орталық кітапхана директоры Эльмира Қабиева оқырмандарға жолдау туралы айтып халқымыз үшін жасалынып жатқан әрбір игі іс, әрбір жаңа бастама тәуелсіз еліміздің жаңаша бағытта дамып жатқанынын айқын көрінісі екенін түсіндіріп өтті.
Келген қонақтардың назарына «Болашақты айқындайтын жолдау» кітап көрмесі ұсынылып, әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.
Қаралым саны: 13



