Кең Масленица

Кызылжар орталық аудандық кітапханасының конференц-залында «Кең Масленица» атты мазмұнды әрі қызықты интерактивті бағдарлама ұйымдастырылды.

Мерекелік шараға «Сударушка» клубының мүшелері шақырылды. Қонақтар Масленица мейрамының шығу тарихы мен оның әр күнінің мән-мағынасымен танысып, халықтық дәстүрлер туралы тың мәліметтер алды. Бағдарлама барысында көңілді ойындар, сайыстар мен викториналар өткізіліп, қатысушылар белсенділік танытып, ерекше әсер алды.

Кештің мазмұнын «Ардақты біздің Масленица» атты кітап көрмесі толықтырды. Көрмеге халық мәдениеті, салт-дәстүрлер мен мерекелік ғұрыптар жайлы кітаптар қойылып, оқырмандардың зор қызығушылығын тудырды.

Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.

 

01.04.2026
Қаралым саны: 36