Тілдер күні

1989 жылы 22 қыркүйекте «Тілдер туралы» заң қабылданды. Ал Тілдер мерекесінің өзі 1998 жылдан аталып өте бастады. Сол жылы 22 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні болып жарияланды.

Алайда араға жиырма жыл салып, атаулы датаның күні өзгерді. 2017 жылы күзде үкімет қаулысымен Тілдер күні 5 қыркүйекке ауыстырылды. Мұның өзіндік себебі бар еді. 5 қыркүйек – қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Міне, осы себептен 2018 жылдан бастап Қазақстан халқы тілдері күні қыркүйектің бесінші жұлдызында мерекеленеді.

Осыған орай Қызылжар аудандық орталық кітапханасы және Қазақ тілі қоғамдық бірлестігі «Тілді тану-оның жанын тану» атты дөңгелек үстел үйымдастырды.

Шараның мақсаты оқырмандардың тілді құрметтеуге, елдің болашағына бейжай қарамауға тәрбиелеу. Тіл арқылы бірлікті нығайту, көптілділікке қызығушылық ояту.

Мерекеге «Парасат» мектеп лицейінің, № 2 Бескөл орта мектебінің 10-11 сынып оқушылары, тіл мамандары және тіл жанашырлары шақырылды.

Шара барысында Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Әбдінәби Ерметаев Қазақстан халқы тілдерінің мәселелері туралы айтып өтті. Сондай – ақ, жүргізушілер– «Тіл өнері – діл өнері» викторина мен басқада ойындар өткізді.

Соңында кітапханашылар «Тіл – келісім мен достықтың негізі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

 

13.02.2026
Қаралым саны: 22