Мақсаты: Кітапханада өзін ұстау ережелерімен таныстыру, кітапқа деген құрметті қалыптастыру, кітапханашы мамандығымен таныстыру – кітапханашының жұмысы мен оның кітап әлеміндегі рөлін түсіндіру.
Кітапханашы балаларды жылы қарсы алып, оларды кітаптар әлеміне қызықты саяхат жасауға шақырды. Балалар кітапханашының әңгімесін үлкен қызығушылықпен, көздері жанып тыңдады. Олар кітапхананың кітап қорымен танысып, кітаптармен қалай дұрыс жұмыс істеу керектігін, кітап таңдауды және кітапханада өзін қалай ұстау қажеттігін үйренді. Кітапханашы кітаптардың сөрелерге қандай тәртіппен орналастырылғанын және балалардың ең сүйікті кітаптарын айтып берді.
Балалар таңданыспен, кейбірі демдерін ішіне тартып, әдемі түптелген көптеген кітаптарға, ерекше безендірілген сөрелерге қызыға қарады. Мұнша көп кітапты олар бұрын — соңды көрмеген еді. Сондай-ақ, балалар түрлі шығармалардан алынған жұмбақтарды шешіп, тәтті сыйлықтарға ие болды.
Экскурсия соңында балалар жақсы, ұқыпты оқырман болуға және кітапханаға жиі келуге уәде берді. Бұл саяхат оларға үлкен әсер қалдырды, тіпті кітапханадан кеткілері келмеді. Балаларды кішкентай кезінен бастап кітап мәдениетіне баулу өте маңызды.
Қаралым саны: 211





