Тіл – поэзия бастауы

Қызылжар орталық балалар кітапханасы Бескөл орта мектебінің 7 сынып оқушыларына арналған «Тіл – поэзия бастауы» атты әдеби караоке өткізді.

Іс-шараның мақсаты – тілге, әдебиетке деген қызығушылықты арттыру және сөз өнері мен поэзияға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Әдеби караоке жүргізушісі іс-шараны «Мақал-мәтел білгірлері» сергіту сәтінен бастады, онда балалар өздерінің тапқырлықтары мен мақал-мәтелдерді білу деңгейлерін көрсетті. Ана тілінің құдіреті мен сұлулығы туралы ақпарат берілгеннен кейін, оқушылар өлеңдерді рэп орындаушысы, кино актері, шетелдік қонақ, робот және т.б. бейнелерге еніп, мәнерлеп оқыды. Мұндай ерекше орындау тәсілі балалардың шығармашылық қабілеттерін ашуға және поэзияны жаңаша сезінуге көмектесті.

Сондай-ақ, балалар «Жанды сөздер» эстафетасына және «Ұйқасын тап» доп ойынына қатысты. Бұл ойындар іс-шараға белсенділік пен командалық рух сыйлады.

Іс-шара өте жарқын, серпінді өтті және оқушылардың тіл мен әдебиетке деген шынайы қызығушылығын оятты.

01.04.2026
Қаралым саны: 35