Аудандық орталық кітапханада жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және есірткінің зияны туралы ақпарат беру мақсатында «Наркомания – дорога в никуда» атты акция ұйымдастырылды.
Шара барысында қатысушыларға нашақорлықтың адам денсаулығына, болашағына және қоғамға тигізетін зияны туралы түсіндіріліп, ақпараттық буклеттер таратылды. Сонымен қатар, жастармен зиянды әдеттердің алдын алу және дұрыс өмірлік таңдау жасау жөнінде әңгіме жүргізілді.
Акцияның мақсаты – жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырып, дені сау ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу.
💙 Өз өміріңді таңда! Денсаулықты сақта!
#НаркоманияДорогаВНикуда #СалауаттыӨмірСалты #Жастар #Кітапхана #БолашақӨзҚолыңда #Денсаулық
25.06.2026
Қаралым саны: 49
Қаралым саны: 49






