Қызылжар аудандық орталық кітапханасында «Гендерлік теңдік – заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – гендерлік теңдік саясатының негізгі мазмұны мен мәнін түсіндіру, сондай-ақ осы саладағы жағдайды жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы қатысушыларды ақпараттандыру.
Аталған іс-шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандары, Жастар ресурстық орталығының директоры, «Есіл-НС» ЖШС төрайымы, Аналар кеңесінің төрайымы, «Б.С. Сеилова» ЖК басшысы, Отбасын қолдау орталығының маманы, аудандық аурухананың директор орынбасары, АІІБ инспекторы және басқа да сала мамандары қатысты.
Шара барысында кітапханашы өз баяндамасында гендерлік теңдік – ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын әлеуметтік және мәдени нормалар мен рөлдердің жиынтығы екенін атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында гендерлік саясатты жүзеге асыру мақсатында Гендерлік теңдік стратегиясы әзірленіп, Елбасы Жарлығымен бекітілгені айтылды. Бұл стратегияның басты мақсаты – ерлер мен әйелдерге тең құқықтар мен мүмкіндіктер қалыптастыру.
Бүгінде елімізде әйелдер ерлермен қатар саясатта, білім мен ғылымда, медицина саласында жоғары жетістіктерге жетіп, маңызды қызметтер атқарып келеді.
Іс-шара барысында жүргізуші гендерлік теңдік тақырыбына қатысты мысалдар келтіріп, ауданымызда осы бағытта еңбек етіп жүрген азаматтарды атап өтті. Дөңгелек үстелге қатысқан әйел басшылар оның ішінде Шынар Билялова, Сара Алдаева, Бақыт Сеилова, Жанар Какимова, Айнұр Даулетова, Дина Сыздықовалар өз салаларында әйел азамттарды қолдау бойынша жасалып жүрген жұмыстары жайлы атап өтті. Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерімен бөлісті.
«Отбасын қорғау» орталығының психологы Айбаршын Құдайбергенова қатысушылармен қызықты тренигтер өткізіп, қатысушылардың көңілін көтерді. Мәдениет Үйінің көркемөнерпаздары әннен шашу шашып, іс – шараның сәнін келтірді.
Іс – шараға дайындалған «Қоғамдағы гендерлік теңдік» тақырыбындағы кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді.
Қаралым саны: 46















