Қызылжар аудандық орталық кітапханасында «I READ BOOKS» жобасы аясында оқырмандар арасында формулярға арналған нөмір таңдау бойынша «Жаңа жылға – жаңа нөмірмен» атты танымдық-ойын шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараға кітапхананың әртүрлі жас санатындағы тұрақты оқырмандары қатысып, белсенділік пен зор қызығушылық танытты.
Ойын барысында әрбір қатысушы өзіне тиесілі формуляр нөмірін таңдап алып, ойын шарттарына сәйкес белсенді түрде атсалысты. Қатысушылар көтеріңкі көңіл күймен ойынға араласып, бір-бірімен еркін қарым — қатынас орнатып, жағымды әсер алды.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқырмандардың кітапханаға деген қызығушылығын арттыру, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, кітап оқуға деген ынтасын қалыптастыру, рухани-мәдени деңгейін көтеру және тұрақты оқырмандар қатарын кеңейту болып табылады.
Мұндай мазмұнды шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, оқырман мен кітапхана арасындағы байланысты нығайта түспек.
Қаралым саны: 38






