Ауылдық мәдениет мекемелерінде орналасқан кітапханаларға әдістемелік көмек көрсету жұмысы өзектілігін жоғалтпайтын және сұранысқа ие қызмет түрі болып қала беретінін көре аламыз. Осы жылғы әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Қызылжар ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директоры Э. Е. Кабиева мен әдіскер Ж. Ж. Шаримова Соколов, Сивков, Вагулинжәне Якорь ауылдық кітапханаларында болды.
Іссапар барысында кітапханалардың қызметіне тексеру жүргізіліп, кітапхана құжаттамасын жүргізуді жетілдіруге, есептіліктің уақтылы әрі сапалы дайындалуын қамтамасыз етуге, кітап қорын дұрыс орналастыруға, сондай-ақ қолданыстағы кітап көрмелерін ұйымдастыру мен безендіруге бағытталған тәжірибелік әдістемелік көмек көрсетілді. Сонымен қатар кітапхана жұмысының тиімділігін объективті бағалауға қажетті мәселелерге ерекше назар аударылды. Сапар қорытындысы бойынша ауылдық елді мекендердегі кітапхана қызметін жүйелі әрі тиімді дамытуға бағытталған басым мақсаттар мен міндеттер айқындалды. Жүргізілген әдістемелік жұмыс кітапхана қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, халыққа көрсетілетін кітапханалық қызмет сапасын жақсартуға және кітапханалардың жергілікті қауымдастықтың маңызды мәдени-ағартушылық орталықтары ретіндегі рөлін нығайтуға ықпал етті.
Қаралым саны: 33













