Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай Қызылжар аудандық орталық кітапханасында «Өлең сөздің патшасы» мәнерлеп оқу үйірмесі аясында «Ақиық ақынның мәңгілік жырлары» атты әдеби мүшайра өтті. Шараның мақсаты – жас ұрпаққа Мұқағали Мақатаевтың бай әдеби мұрасын насихаттау, поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру, оқушылардың көркем сөз оқу мәдениетін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Шараға Бескөл №3 орта мектептің оқушылары қатысып, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Мерей өнер мектебінің музыка пәні мұғалімі Айтбаева Шайтас Сайлыбаевна шәкірттерімен бірге өнер көрсетіп, кештің көркін аша түсті.
Сонымен қатар, кітапхана жанындағы «Шаңырақ» театр үйірмесі Мұқағали Мақатаевтың «Ана» өлеңіне арналған қойылым бейнеролигі көрермен назарына ұсынды.
Кеш соңында «Мұқағали – поэзияның Хантәңірі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
Мұқағали жырлары – ұрпаққа рухани мұра!
Қаралым саны: 39



