Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қызылжар аудандық орталық кітапханасының конференц-залында «Біз бәріміз Қазақстан азаматтарымыз — Отанымыз бір» атты этнографиялық коллаж өтті. Іс-шараға қазақ, татар, армян, неміс, украин және поляк этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысып, елімізде тұратын түрлі этностардың мәдениеті мен дәстүрлері таныстырылды.
Кездесу барысында қатысушылар «Атамекен» әнін караоке форматында орындап, танымдық викториналарға белсене қатысты. Сонымен қатар, ұлттық ойындар ойнатылып, әр ұлт өкілдері мерекеге орай жүрекжарды құттықтауларын жеткізді. Іс-шара достық, өзара түсіністік және мәдени әртүрлілікке деген құрмет атмосферасында өтті.
Сонымен қатар, «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты кітап көрмесі таныстырылды.
29.04.2026
Қаралым саны: 20
Қаралым саны: 20
