Қызылжар аудандық орталық кітапханасында Қарттар күніне арналған «Аға ұрпақ — біздің байлығымыз» атты мерекелік іс-шара өтті

Кездесуге кітапхана саласында ұзақ жылдар еңбек еткен кітапхана ісінің ардагерлері шақырылды. Жылы әрі достық атмосферада қонақтар өздерінің еңбек жолдары туралы естеліктерімен бөлісіп, кітапханадағы қызмет кезеңдерінен қызықты оқиғаларды еске алды.

Іс-шара барысында «Менің жылдарым — менің байлығым» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Кітапханашы көрмеге қойылған кітаптар мен журналдарды таныстырып, аға буынның өмірі, даналығы, естеліктері, отбасылық құндылықтары мен тағдырлары туралы әдебиеттерге тоқталды. Өткен жылдар — адамның өмірлік тәжірибесі, білімі мен даналығы екенін атап өтті. Бұл — кейінгі ұрпаққа берілетін баға жетпес мұра.

Кездесу барысында қонақтарға арналған қызықты байқаулар, викториналар және музыкалық бағдарлама ұйымдастырылды. Әсіресе караоке кешке қатысушылардың көңілінен шықты. Қонақтар өздерінің сүйікті әндерін орындап, таныс әуендерді бірге айтып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Іс-шара қызықты, көңілді әрі әсерлі өтті. Осындай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, аға буынға деген құрмет пен алғысты білдіруге, жақсы естеліктермен бөлісуге мүмкіндік береді. Кешке қатысушылар көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

08.10.2026
Қаралым саны: 46