Библио — салтанат: «Барлық уақыттағы мамандық»

Кітапханашылар күніне орай Қызылжар аудандық орталық кітапханасының конференц залында «Барлық уақыттағы мамандық» атты библио — салтанат өтті.

Шараның негізгі мақсаты – кітапхана қызметкерлерінің еңбегін ұлықтау, оқырмандар мен қонақтарға кітапханашы мамандығының қоғамдағы рөлін кеңінен таныту.

Мәдениет бөлімінің бас маманы бөлім басшысының атынан құттықтау сөз сөйлеп, кітапханашыларды құттықтап, аудан мәдениетін дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін алғысын білдірді.

Кеш аясында көптеген кітапханашылар құрметке бөленіп, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды. Шығармашылық конкурстар мен концерттік бағдарлама кештің көркін келтірді.

Ерекше назар аударарлық жоба – «Кітапхана – даналық мекені» атты әдеби — фото көрме болды. Бұл көрме арқылы қатысушылар кітапхана тарихымен, сирек кітаптармен, танымал кітапханашылармен белсенді оқырмандардың өмірінен сыр шертетін фотосуреттермен танысты. Көрме келген қонақтардың үлкен қызығушылығын тудырып, жылы пікірлерге ие болды.

Іс-шара барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, кітапхана қызметінің қоғам үшін маңыздылығын тағы бір мәрте айқындап берді.


 

16.02.2026
Қаралым саны: 38