1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қызылжар аудандық кітапхана жүйесіне қарасты ауылдық кітапханаларда мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды

Мереке аясында кітапханаларда балалар әдебиеттерінен және ертегілер әлемінен сыр шертетін мазмұнды кітап көрмелері безендіріліп, жас оқырмандарға таныстырылды. Көрмелерде балалар жазушыларының шығармалары, танымдық және қызықты кітаптар қойылып, оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында шолу жүргізілді.

Шара барысында балаларға арналған викториналық сұрақтар қойылып, олардың білімдері мен тапқырлықтары сыналды. Қатысушылар әдеби кейіпкерлерді танып, ертегілер мен балалар шығармалары бойынша сұрақтарға белсенді жауап берді.

Сонымен қатар, түрлі қызықты ойындар, танымдық сайыстар мен көңілді эстафеталар ұйымдастырылып, балалар көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған мерекелік бағдарламаларға қатысты. Балалар өз өнерлерін көрсетіп, достарымен бірге уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізді.

Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – балалардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру. Мерекелік шаралар балаларға ерекше қуаныш сыйлап, көтеріңкі көңіл — күймен есте қалды. 📚🎈🎉

02.06.2026
Қаралым саны: 33