Жас маман – жаңа қадам

Қызылжар аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары «Серебряный бор» жазғы сауықтыру лагерінде өткен «Жас маман – жаңа қадам» атты облыстық жас мамандар слетіне қатысты. Іс-шараның мақсаты – жас мамандардың кәсіби тәжірибе алмасуына жағдай жасау, кітапхана ісіндегі озық тәжірибені насихаттау, туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дәріптеу, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.

Іс-шара барысында «Туған жерге сүйіспеншілікпен», «Туған жер тұнған сыр», «Кітап оқитын ұлт – өркендеген ұлт» атты кітап көрмелеріне библиографиялық шолу өткізілді. Шолу барысында қатысушылар туған өлкенің тарихы мен мәдениетіне арналған әдебиеттермен, өлкетану басылымдарымен, сондай-ақ балалар мен жастар арасында кітап оқуды насихаттайтын шығармалармен танысты. Библиографиялық шолу қатысушылардың үлкен қызығушылығын туғызып, жоғары бағасын алды.

 

01.07.2026
Қаралым саны: 45