«Күмбірле, қоңыр домбырам» күй кеші

Ұлттық домбыра күніне орай аудандық орталық кітапханада «Күмбірле, қоңыр домбырам» атты күй кеші ұйымдастырылды.

Шара барысында домбыраның шығу тарихы мен қазақ халқының мәдениетіндегі орны туралы мағлұмат беріліп, қазақтың күй өнері мен ұлы күйшілердің өмірі мен шығармашылығы кеңінен насихатталды.

Кешке «Мерей» өнер мектебінің домбыра сыныбының оқушылары қатысып, жетекшісі Берік Жанатовтың жетекшілігімен Сүгірдің «Ыңғайтөк», Бағжан Жахиннің «Дала рухы», сондай-ақ «Кербез сұлу» күйлерін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Күй өнерінің құдіретін дәріптеген шара барысында қатысушылар қызықты викториналық сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдерді жалғастыру арқылы ұлттық өнер мен мәдениетке қатысты білімдерін толықтырды.

Домбыраның күмбірлеген үні арқылы халқымыздың тарихы, рухани мұрасы мен ұлттық болмысы дәріптеліп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Кеш соңында қатысушылар ұлттық өнерге деген құрметтерін білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Домбыраның қоңыр үні халқымызбен бірге мәңгі жасай берсін!

 

#ҰлттықДомбыраКүні #КүмбірлеҚоңырДомбырам #КүйКеші #Кітапхана #ҰлттықМұра #Домбыра #РуханиҚұндылық

 

03.07.2026
Қаралым саны: 44