Қазақстан Республикасының Астанасы күніне орай Қызылжар орталық балалар кітапханасы балалардың Қазақстан астанасы туралы білімдерін кеңейту, отансүйгіштік сезімін, туған қаласы үшін мақтаныш сезімін және оның тарихы мен мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыру мақсатында "Астана – бақыт, қуаныш және біздің арманымыздың қаласы" тарихи круизін өткізді.
Іс-шара барысында балаларға ел астанасы - Астана туралы ақпарат берілді. Олар Елорданың тарихын, Қазақстанның астанасы болу құрметіне ие болған барлық қалаларды еске алды. Кітапханашы қазіргі Астананың басты көрікті жерлерімен таныстырды. "Астана - арман қала!" атты қызықты викторина балалардың ерекше назарын аударды, қатысушылар елорда тарихында эрудиция, ақылдылық пен білім көрсетті.
Іс-шара соңында "Мен сені мадақтаймын, Менің Астанам!» мерекелік кітап көрмесіне шолу жасалды.
Қаралым саны: 10


