«Жарқын мереке Наурыз бiзге үмiт пен жарық сыйла» той шашу

«Жарқын мереке Наурыз бiзге үмiт пен жарық сыйла» той шашу, «Көктемде Жаңа жылды қарсы аламыз» шолу, «Жақсылықтың жарқын мерекесi-Наурыз» кiтап көрмесi (65 адам қатысты) кiтапхананың оқырмандар залында «Нұр» клубында мемлекеттiк тiлде өткiзiлдi.

Iс-шараның қонақтары кiтапхананың тұрақты оқырмандары «Нұр»

Клубының тұрақты мүшелерi, «Парасат» мектеп –лицейiнiң 9-сынып оқушылары болды. Үй бұйымдармен, ұлттық оюмен безендiрiлген кiлем, сандық, көрпе, ұлттық киiмдер, қамшы, домбыра және басқада заттармен безендiрiлген шағын киiз үйде өткiзiлдi.

Қыдыр ата (рөлiнде Ақомбаев Тiлеужан ) барлық қатысушыларды алда келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтады.

«Мерей» өнер мектебiнiң оқушысы А.Сабитовтың орындауындағы күйдiң ойналу барысында жүргiзушiлер ұлттық киiм киiнiп Ж.Мұстафин және «Нұр» клубының жетекшiсi Б.Сакеева наурыз мерекесiнiң тойлануын әңгiмеледi.

Мереке ұлттық тағамдар: бауырсақ, наурыз-көже, төңкерме, құймақ, жұқа нан, таба нан, сары май, құрт, қаймақ, бал қаймақ және ыстық шай жасалған дастархан басында жалғасын тапты.

Мерекенiң көрiктiсi шағын театрдың әртiстерi Алдар-көсе (Н.Қарабатыров) және Жиреншешен (Д.Есқожа) қазақ фольклорынан үзiндi көрсеткенi болды.

«Парасат» мектеп-лицейiнiң оқушылары Ж.Тасболатов, Ж.Байқадамова наурыз және көктем жайлы өлең оқыды. «Нұр» клубының тұрақты қатысушысы жергiлiктi ақын Ысқакова Манап Қабдөшевнаның «Наурыз» өлеңiн Қожагельдина Гауһар оқыды.

Қонақтар ұлттық ойын «Асық ату» ойынына қызыға қатысты. Қазақ хорына қатысушы Д.Ақомбаева алғаш көктемде ұшып келетiн «Саумалық» құсының ырымы жайлы айтып бердi.

Оқушылар үлкендерге наурыз мерекесiнiң дәстүрi жайлы сұрақтар қойды. Ал наурыз-көже деген не? Сұрағына Тұрар Мұрзақанова жауап берiп бұл тағамның құрамын және жасалуын айтып барлық қонақтарға ауыз тиюге ұсынды. Осы күнi «Қазақ халқының салт-дәстүрi» эрудит-лотосы болды. Оқушылар қазақ халқының ұлттық дәстүрлерiн естерiне алып, жүргiзушiлердiң сұрақтарына жауап бердi. Cұрақтары: байлау, босаға байлау, ерулiк, жиенқұрық, жолдасу (жолын беру, ат тергеу, жылу, қазан жарыс, итаяқ, кеусен, көгентүп, (көгендiк), көген, қымызмұрындық, ұрын келу, салбұрын, Саумалық, құрсақ шашу, сауын айту, түйемұрындық, төркiндеу.

Iс-шараның соңында қазақтың салт-дәстүрi, ұтттық ойындары жайлы, ұлттық тағамдары жайлы кiтаптармен шолу жасаумен аяқталды.

Қонақтар ұлттық тағамдардан ауыз тиiп, ән айтып, мереке жайлы ойларымен бөлiстi. Соңында өткiзiлген шара үшiн кiтапхана қызметшiлерiне алғыстарын бiлдiрдi.

18.03.2013
Қаралым саны: 27