Қызылжар аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Қазақ әскери әдебиетінің негізін қалаушы,ҰОС батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына байланысты №3 орта мектеп кітапханасында оқушылармен «Аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлы» әдеби кешін өткізді.
Кештің мақсаты Қазақ халқының қаһарман ұлы , жазушысы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлігін жас ұрпаққа таныту, отансүйгіштікке, батылдық пен елжандылыққа тәрбиелеу.
Кеш барысында кітапханашы Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасады. Қатысушыларға батырдың қаһармандығы, ерлігі, Мәскеу түбіндегі шайқастағы жанқиярлық күресі және «Артымызда Москва», «Ұшқан ұя» секілді еңбектері туралы әңгімелеп берді. «Батыр бабаға тағзым» атты бейнебаян көрсетілді. Оқушылар «Кім жылдам» викторина сұрақтарына қатысып жақсы көрсеткіштер көрсетті.
Кеш соңында қатысушылар батыр рухына тағзым етіп, оның елге қалдырған өнегелі өмірі мен ерлігіне алғыс білдірді. Сонымен қатар «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, батырдың өмірі мен еңбегіне арналған әдебиеттер таныстырылды.
Қаралым саны: 16



