«Бар өмірің алда»
Армысыздар, ата-әже қариялар!
Елімнің шежіресі дариялар.
Кең пейіл, өрісі биік, дарқан көңіл,
Біздерге асыл жандар, аяулылар.
Қызылжар аудандық орталық кітаханасында «Бар өмірің алда» тақырыптық бағдарлама кеші болып өтті. Шараның мақсаты: жастар бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, , жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Кешке «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылжар қалалық ұйымының төрайымы Махаметова Алмаханым ұйым мүшелерімен, «Нұр» клубының мұшелері, Бескөл мен Байтерек ауылының әжелері сонымен қатар, белсенді оқырмандар қатысты.
«Бүгін үлкен мереке. Біз әрдайым үлкендерге құрмет көрсетуді естен шығармаймыз. Тек осы күні ғана емес, оларға деген ыстық ілтипат ғасырдан-ғасырға жалғаса береді. Өйткені, олар өміріміздің жарқын болуына ерекше үлес қоса білді.», - деді мекеме мен құттықтап кітапхана директоры.
Іс шарада сыр сұхбат та, ән мен күй де, сұрақ жауаптар да болды. Қатысқандар бір – біріне ақ тілектерін айтып, жақсы көңіл көтерді.
«Менің өмірім – менің байлығым» кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.
Қаралым саны: 20






