Ғарышкерлер күніне және адамның алғаш ұшқанына 65 жыл толуына орай Қызылжар орталық балалар кітапханасы «Адам – ерлік пен даңқ символы» атты жедел ақапараттық шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты – балаларды ғарышты игеру тарихымен таныстыру.
Жас қатысушылар астрономия негіздері бойынша білімдерін тексеруден өтті. Планеталар мен жұлдыздар туралы бірде-бір сұрақ жауапсыз қалмады. Балалар Юрий Алексеевич Гагариннің өмірбаянымен танысып, оның адамзат тарихындағы ғарышқа алғаш ұшқан тұлға екенін білді.
Ғарыштық викторина арқылы оқушылар ғарышта неге жылауға болмайтынын, түтіктегі тағамның қалай көрінетінін және төменде тірек болмаған кезде ұйықтау қиын ба екенін білді.
«Ғарыштық жұмбақтар» викторинасында белсенді түрде жауап берді. Ал «Ғарыштық қонақ» ойыны барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Іс-шараға арнайы безендірілген «Жұлдызды аспанның сұлулығы» атты кітап көрмесі ерекше қызығушылық тудырды. Балалар ғарыш туралы кітаптармен танысып, сондай-ақ қазақстандық ғарышкерлер Талғат Мұсабаев пен Тоқтар Әубәкіров туралы кеңірек мәлімет алды.
Қаралым саны: 39




