Еңбек адамы

Қазақстан Республикасында Еңбек күнін мерекелеу аясында Қызылжар орталық аудандық кітапханасында «Еңбек адамы» атты тағылымды әңгімелесу кеші өтті. Іс-шараның басты қонағы — белгілі педагог, басшы және ұлағатты ұстаз Маслова Нина Петровна болды. Кездесуге Бескөл мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушылары шақырылды.

Іс-шара аясында оқушыларға «Адам еңбегімен даңқты. Человек славен трудом» атты кітап шолуы ұсынылып, балалар адал еңбек пен өнегелі тұлғалар туралы әдебиеттермен танысты. Бағдарлама барысында мектеп оқушылары Нина Петровнамен еркін сұхбаттасып, ұстаздың кәсіби жолы мен өмірлік құндылықтары туралы сұрақтар қойды. Кездесу өте қызықты әрі танымды өтті.

Мерекелік шараны жергілікті Мәдениет үйі өнерпаздарының дайындаған жарқын музыкалық нөмірлері ажарландыра түсті. Бұл кеш оқушыларға ерекше әсер сыйлап, еңбектің қадір-қасиетін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

 

30.09.2026
Қаралым саны: 57