Іс-шараның мақсаты – кітап оқуды насихаттау, тұрғындардың кітапханаға деген қызығушылығын арттыру және кітапты білім, қарым-қатынас пен рухани дамудың қайнар көзі ретінде таныту.
Акцияға балалар, жасөспірімдер, жастар, ересектер және ауыл тұрғындары қатысты. Қатысушылар үшін «Кітап бізді біріктіреді» атты кітап көрмесі, кітап туралы қанатты сөздер жазылған плакаттар, тапсырмалар жазылған карточкалар және шағын сыйлықтар дайындалды.
Іс-шара «Кітап аш – әлемді таны» атты әңгімелесуден басталды. Кітапханашылар кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы айтып, қатысушыларға достарына оқуға шақыруды ұсынды.
#Қызылжараудандықорталықтандырылғанкітапханажүйесі
27.08.2026
Қаралым саны: 46
Қаралым саны: 46






















