Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 37 жыл толуына орай аудандық мәдениет Үйінің фойесінде Орталық аудандық кітапхананың кітапханашылары «Ауған соғысының жаңғырығы» атты көрме-инсталляция ұйымдастырды.
Көрме интернационалист жауынгерлердің ерлігіне арналды. Экспозицияда көркем және деректі әдебиеттер, соғыс ардагерлерінің естеліктері, публицистикалық еңбектер, сондай-ақ Отан алдындағы борышын шетелде өтеген жерлестеріміз туралы материалдар ұсынылды. Кітаптар мен көрнекі материалдар келушілерге сол кезеңнің тарихи маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Іс-шара барысында кітапханашылар әдебиеттерге шолу жасап, маңызды туындыларға тоқталып, тарихи деректермен таныстырды. Көрме келушілер тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, батырлардың ерлігін ұлықтауға және тарихи жадыны сақтауға бағытталды.
Қаралым саны: 38






