Аудандық орталық кітапханасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің маңызын насихаттау, майдангерлердің ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегін өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге Ұлы Жеңіс тақырыбын арқау еткен тарихи, деректі және көркем әдебиеттер, батырларымыздың өмірі мен ерлігін баяндайтын кітаптар, естеліктер мен энциклопедиялық басылымдар қойылды. Оқырмандар соғыс жылдарындағы ел тағдыры, жауынгерлердің қаһармандығы мен бейбіт өмірдің қадірі туралы құнды мәліметтермен танысуға мүмкіндік алды.
Кітап көрмесінің мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, ел тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу және Отан қорғаушылардың ерлігіне тағзым ету. Батырлардың өшпес ерлігі мен жарқын Жеңісі – ұрпақ жадында мәңгі сақталатын тарихи мұра.
«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!» – ерлікке тағзым, тарихқа құрмет.

Қаралым саны: 54






