Қызылжар аудандық орталық кітапханасының коворкинг орталығында Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай «ХХ ғасырдың көрнекті тұлғасы» атты саяси алаң үйымдастырылды. Шараға мектеп оқушылары, кітапхана оқырмандары, әдебиетті сүйер қауым және кітапхана қонақтары қатысты. 2025 жылы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі, көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы-публицист Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толып отыр. Осыған орай ұйымдастырылған іс-шара жазушының өмірі мен шығармашылық мұрасын терең таныстыруды, оның қазақ тарихындағы айрықша орнын дәріптеуді мақсат етеді. Міржақып Дулатов — Алаш қозғалысының белді өкілі, ұлттық сананы оятуда елеулі рөл атқарған тұлға. Ол өз еңбектерінде білім, тәуелсіздік, бірлік және ұлттық өрлеу мәселелерін көтеріп, қазақ қоғамына жаңа бағыт берген қайраткер ретінде танылды. Оның «Оян, қазақ!» атты еңбегі халықтың рухани жаңғыруына үлкен серпін берді.
Іс-шара барысында:
• М.Дулатовтың өмір жолы мен тарихи миссиясына арналған баяндамалар;
• Алаш қозғалысы тарихына талдау жасалған ғылыми пікірталастар;
• Шығармашылық көрмелер, деректі материалдар көрсетілімі; ұйымдастырылды. «Тарих, тағдыр ,тұлға» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып әдебиеттер ұсынылды.
Бұл шараның негізгі мақсаты — ХХ ғасырдағы ірі мемлекетшіл қайраткерлердің бірі болған Міржақып Дулатовтың мұрасын бүгінгі ұрпаққа кеңінен насихаттау, оның елдік идеясын заманауи құндылықтармен сабақтастыру.
Қаралым саны: 25



