Хабарландыру

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы елімізде 2007 жылдан бері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханалар қауымдастығының бастамасымен өткізіліп келеді.

Аталған акция аясында 2026 жылы бүкіл ел болып оқуға көрнекті қаламгер Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы таңдалып отыр.

Осыған орай Қызылжар аудандық орталық кітапханасының ұжымы «Бір ел – бір кітап» акциясының ашылу салтанатын ұйымдастырып, оқырмандарды жазушы Қабдеш Жұмаділовтің өмір жолы мен шығармашылығымен таныстырды. Іс-шара барысында «Тағдыр» кітабының мазмұны мен көркемдік ерекшеліктері кеңінен насихатталды.

13.02.2026
Қаралым саны: 47