#ҚызылжараудандықорталықКітапханасы
Қызылжар аудандық орталық кітапханасы Парасат мектеп-лицейінің ұстаздарымен мемлекеттік тілдің маңызын дәріптеуге арналған танымдық тәрбие сағатын өткізді.
Шара барысында ана тіліміздің ұлт өміріндегі орны сөз болып, қатысушылар викториналарға қатысып, «Мақал — мәтелді жалғастыр» ойынын ойнап, сөзжұмбақтар шешу арқылы білімдерін шыңдады.
Іс-шара соңында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты кітап көрмесі таныстырылып, қазақ тілінің тарихы мен қоғамдағы рөлі жайлы құнды әдебиеттерге шолу жасалды.
Мазмұны терең, әсері мол кездесу қатысушыларға жақсы көңіл күй сыйлап, тілге деген құрметті арттыра түсті.
17.02.2026
Қаралым саны: 40
Қаралым саны: 40



