Қызылжар аудандық орталық кітапханасында «Кітап оқитын ұлт» жобасы, жазғы оқу бағдарламасы аясында «Парасат» мектеп-лицейі жанындағы жазғы сауықтыру алаңында жүрген балалардың
қатысуымен «Жаз кітаппен бірге» атты кітап викториналары өткізілді.
Іс-шара барысында балалар «Ертегілер әлемінде» ойынына қатысып, ертегі кейіпкерлерін танып, қызықты сұрақтарға жауап берді. «Жұмбақтар шешейік» бөлімінде өздерінің тапқырлықтарын көрсетіп, түрлі жұмбақтардың шешімін тапты. Сонымен қатар, мақал-мәтелдерді жалғастырып, сканвордтар шешіп, әдеби білімдерін толықтырды.
Шара барысында балалар сүйікті әндерін караокеде орындап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Іс-шараның соңында қатысушыларға қазақ ертегісі желісімен түсірілген жаңа заманауи «Мақта қыз» мультфильмі көрсетілді.
Кітап викториналары қызықты әрі танымдық форматта өтіп, балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, жазғы демалыстарын мазмұнды өткізуге ықпал етті.
Қаралым саны: 31











