Хабарландыру

2026 жылғы 1 ақпаннан бастап Қызылжар ауданының Орталық кітапхана жүйесі кітапхана қорын толықтыруға, кітап оқуды насихаттауға және тұрғындардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған «Сыйға кітап» акциясын өткізуде.

Акция аясында Қызылжар ауданының кітапханалары тұрғындардан, ұйымдардан және кітапқа жанашыр оқырмандардан кітап жинауды ұйымдастырды. Аудан тұрғындарының белсенді қатысуының арқасында жиналған әдебиеттер Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД РММ «№52 мекемесіне» табысталды. Кітаптар мекеме кітапхана қорын толықтырып, оқырмандардың пайдалануына ұсынылады.

Сыйға тартылған кітаптар оқырмандардың дүниетанымын кеңейтуге, жаңа білім алуға, қызықты әдеби шығармалармен танысуға және бос уақытты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Көркем, танымдық және білім беру әдебиеттері мекеме оқырмандары үшін қосымша білім мен рухани дамудың маңызды көзі болмақ.

«Сыйға кітап» акциясы «СҚО — оқырман өңір» жобасының бір бөлігі болып табылады. Аталған акция кітапханашыларды, оқырмандарды, ұйымдарды және кітаптың құндылығы мен кітап оқудың маңыздылығын түсінетін барша азаматтарды біріктірген игі бастамаға айналды. Әрбір сыйға тартылған кітап — жаңа оқырманның қызықты шығарманы ашуына, жаңа білім алуына және әдебиет әлеміне жақындауына берілген мүмкіндік.

Қызылжар ауданының Орталық кітапхана жүйесі барша ниет білдірушілерді «Сыйға кітап» акциясына қатысуға және өз кітаптарын жаңа оқырманға сыйлауға шақырады. Сіз сыйға тартқан әрбір кітап оқу мәдениетін дамытуға және «СҚО — оқырман өңір» жобасын қолдауға қосылған маңызды үлес болмақ.

 

18.08.2026
Қаралым саны: 62