«Кітап оқитын ұлт» бағдарламасы аясында Қызылжар орталық аудандық кітапханасында балалар мен жасөспірімдер арасында кітап оқуды насихаттау мақсатында «Жазғы демалыста кітап оқимыз»атты жазғы оқу акциясы өткізілді.
Акция барысында жас оқырмандар жазғы оқуға ұсынылған кітап көрмесімен танысып, қызықты әдебиеттерді таңдауға кеңес алды. Сонымен қатар әдеби викториналарға, танымдық ойындар мен кітаптың пайдасы туралы әңгімелерге қатысты. Балалар оқыған кітаптары туралы өз әсерлерімен бөлісіп, сүйікті шығармалары мен кейіпкерлері жөнінде әңгімеледі.
Іс-шара балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, оқырмандық танымын кеңейтуге және жазғы демалысты мазмұнды өткізуге ықпал етті.
27.08.2026
Қаралым саны: 47
Қаралым саны: 47




