Әлия Молдағұлованың 100 - жылдығына орай

Ұлы Жеңіс күнінің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына арналған іс-шаралар аясында Қызылжар орталық балалар кітапханасы «Мерей» өнер мектебімен бірлесіп патриоттық тәрбие беру мақсатында «Біз батырларды еске аламыз» атты патриоттық оқулар өткізді.

Іс-шара аты аңызға айналған қыз Әлия Молдағұлова туралы әңгімеден басталды, балалар ержүрек қыздың өмірі мен ерлік істері туралы білді, «Ұлттық Қаһарманның өмір жолы» бейнеролигін көрді, Еркежан Дәуенованың орындауында «Тырналар», Анжелика Воротынцеваның орындауында «Катюша», Маргарита Кузнецованың орындауында «Әлия» әндерін және Арина Васильеваның «Лирикалық би» фортепианода орындауын тыңдады. «Өткеннің қаһармандары» естелік-көрмесінде қойылған кітаптармен танысты.

12.05.2025
Қаралым саны: 156