Кітапханашы күніне орай С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада шығармашылық бағыттағы «Кітапханашының аспаздық кітабы» атты байқау өтті. Шараға өңір кітапханаларының қызметкерлері қатысып, әдеби шығармалардан шабыт алған ерекше тағамдар мен кулинарлық композициялар ұсынды.
Кызылжар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі (ОҚЖ) А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» шығармасынан шабыт алып, «Татьяна Ларинамен түскі ас» атты әдеби — куллинарлық көрініс дайындады. Жұмыс өзінің көркем безендірілуімен, идеяның тереңдігімен және шығармашылық тәсілімен ерекшеленді.
Шығармашылық қиял мен аспаздық шеберлікті үйлестіре білгені үшін Кызылжар аудандық ОҚЖ тобы «Аспаз — кітапханашының қиялы» номинациясымен марапатталды.
Байқау кітапханашылардың кәсіби мерекесін атап өтумен қатар, тәжірибе алмасу мен шығармашылық идеялар тоғысқан тамаша алаңға айналды.

Қаралым саны: 42





