Орталық балалар кітапханасында балалардың жазғы кезеңде пайдалы және қызықты бос уақытын ұйымдастыру, оқуға деген қызығушылықтарын артыру, шығармашылық ойлау мен қиялын дамыту мақсатында «Кездесулер мен оқиғаларға толы жаз» атты әдеби жаңалықтар дегустациясы өтті.
Балалар көңілді ойындарға, ертегілер мен сүйікті әдеби кейіпкерлерді білуге арналған викториналарға қатысып, жұмбақтар шешті. Сондай-ақ, балалар қайда баруды армандайтынын және қандай кітаптар оқығысы келетінін айтты.
Ең қызықты жаңа кітаптар ұсынылған "Жаңа кітаптар галереясы" кітап көрмесіне шолу жасалды.


29.01.2026
Қаралым саны: 10
Қаралым саны: 10
