Абай күніне арналған әдеби — поэзиялық кеш «Абай – ұрпақ жүрегінде»

#ОқитынҰлт

#ЧитающаяНация

#СКОЧитает

#СолтүстікҚазақстаноблысы

#СамыйЧитающийРегион

#БиблиотекиСКО

#КнигаОбъединяет

#КультураСКО

#ЧитающийРегион

#Қазақстанкітапханалары

#Қызылжарауданы

#Қызылжараудандықорталықтандырылғанкітапханажүйесі

«Оқитын ұлт» бағдарламасы аясында Абай күніне орай кітапханамызда ұлы ақын, ойшыл, ағартушы әрі композитор Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Абай – ұрпақ жүрегінде» атты әдеби-поэзиялық кеш өтті.

Іс-шара Берік Жанатовтың орындауындағы Абай Құнанбайұлының «Май түні» күйімен ашылды.

Кеш барысында қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасы туралы тағылымды ойларымен бөлісіп, ақынның өлеңдері мен қара сөздеріне тоқталды. Көрермендерге Абайдың рухани мұрасы, оның білімге, еңбекке, адамгершілікке үндейтін өсиеттері кеңінен таныстырылды.

Іс-шараға арнайы аудандық мәслихат төрағасы Жанат Елеусізов қатысып, ардагерлер кеңесінің атынан Абайдың «Қара сөздер» кітабын сыйға тартты. Ауданымыздың құрметті азаматтарының бірі, педагогика саласының үздігі, ұлағатты ұстаз, кітапханамыздың тұрақты оқырманы Зейнеп Тәнібаева да Абай Құнанбайұлының шығармашылығы мен тағылымды мұрасы туралы өз ой-пікірімен бөлісіп, ақынның «Қара сөздеріндегі» адамгершілік, білім, еңбек пен тәрбие мәселелерінің бүгінгі ұрпақ үшін де маңыздылығына тоқталды.

Абай мұрасын құрметтейтін, елге еңбегі сіңген қадірлі қонақтарымыздың бірі, ауыл шаруашылығы саласының маманы, шаруашылық жетекшісі Жомарт Омаров ақын мұрасы туралы тағылымды ой-пікірімен бөлісті.

Чапаев ауылдық кітапханасының белсенді оқырманы Хамитов Жанібек Абай шығармаларынан үзінділер оқыды. Ал кітапханамыздың тұрақты оқырманы Алма Серікқызы Абайға арналған арнауын көпшілік назарына ұсынды.

Әдеби кештің музыкалық бөлігінде Абайдың сырлы әндері орындалып, «Бескөл нұры» ардагерлер хоры, жеке орындаушылар Али Тұрар мен Алма Жанайдың музыкалық тартулары көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.

Қайыртай Нұрғиса Абайдың «Сегіз аяқ» шығармасын домбырамен орындап, көпшілікке тамаша өнер көрсетті.

Кеш соңында көрермендермен Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақ — жауап ұйымдастырылып, «Абай мұрасы – ұлт байлығы!» атты кітап көрмесі таныстырылды.

Абай мұрасы – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын асыл қазына. Оның әрбір сөзі адамды білімге, еңбекке, ізгілікке және адам болуға үндейді.

Іс-шараға қатысып, Абай мұрасын бірге дәріптеген барша қонақтарға алғысымызды білдіреміз!

11.08.2026
Қаралым саны: 52