2 қазанда Преснов ауылдық кітапханасында аға буын өкілдеріне арналған «Уақыт сынынан өткен даналық» атты мерекелік музыкалық сағат өтті.
Шара барысында қадірлі қонақтарға жастық шақтың сүйікті әндері, заманауи әуендер мен өмірлік даналық туралы әсерлі өлеңдер ұсынылды. Қонақтар әнге қосылып, өнерпаздарға қошемет көрсетіп, жылы естеліктерімен бөлісті.
Мереке соңында зейнеткерлерге гүл шоқтары табысталып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық пен жылулық тілектер айтылды.
Кездесу жылы әрі әсерлі атмосферада өтіп, барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды әсер сыйлады.
05.10.2026
Қаралым саны: 77
Қаралым саны: 77




