Өлкетану әдебиетін нәсихаттау аясында Қызылжар орталық балалар кітапханасы ақын Альфред Николаевич Пряниковтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Бұл – менің ата-бабамның өлкесі» атты әдеби-өлкетанулық рюкзачок өткізді.
Іс-шараның мақсаты – Қызылжар ауданында туған ақын А.Н.Пряниковтың шығармашылығына жастардың тұрақты қызығушылығын ояту және оқырмандарды оның бай әдеби мұрасымен таныстыру.
Кездесу барысында қатысушылар ақынның өмір жолы мен шығармашылық кезеңдері, жас қаламгерлердің қалыптасуына қосқан зор үлесі және оның педагогикалық қызметі туралы жан-жақты мәлімет алды. Шарада биографиялық мәліметтер, мұрағаттық құжаттар ұсынылып, сондай-ақ ақын туралы жылы естеліктері мен В.И. Чуприна, Ю.В. Зайберт, М.Н. Медведюк және М.Н. Сергеева бөлісті.
Іс-шара В.И. Чуприна мен Ю.Ф.Зайберттің орындауындағы музыкалық номерлермен аяқталды. «Өлке тарихындағы есімдер» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
#Бұлменіңатабабамныңөлкесіатты

Қаралым саны: 30
